Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Сомазина® бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізуге арналған, 500 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 8 қарашадағы № 496-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
- Ferrer Internacional S.A, Испания өндірушісі, Сомазина® бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізуге арналған, 500 мг, ҚР-ДЗ-5№ 010114.