«Рапамун® қабықпен қапталған таблеткалар, 1 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 8 қарашадағы № 495-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі  –  Комитет) «Рапамун® қабықпен қапталған таблеткалар, 1 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 8 қарашадағы № 495-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.

  1. Мына дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын және айналыстан алынсын:

-     Pfizer Ireland Pharmaceuticals, Ирландия өндірушісі, Рапамун® қабықпен қапталған таблеткалар, 1 мг, ҚР-ДЗ-5№ 026193.

 

 

Дата публикации
12 ноября 2024