Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды: Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Трайкор® үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 160 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 27 қыркүектегі №408-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
- Astrea Fontaine, Франция өндірушісі, Трайкор® үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 160 мг, ҚР-ДЗ-5№019681.