Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды: Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір медициналық бұйымдарды және дәрілік заттарды айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 23 тамыздағы №347-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
Кері қайтарып алуға және айналыстан алуға жататын медициналық бұйымдар мен дәрілік заттардың тіркеу куәліктері
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
№ ҚР-ДЗ-5№014865 |
12.07.2020 |
Вирган, көзге арналған гель, 1,5 мг/г |
Farmila-Thea Farmaceutici S.p.A., Италия |
|
№ ҚР-ММБ-0№023272 |
14.12.2021 |
Блефадемодекс стерильді сүрткілері |
LABORATOIRES THEA, Франция |
|
№ ҚР-МБ (ММБ)-0№024799 |
05.07.2022 |
Теалоз Дуо гель |
LABORATOIRES THEA, Франция |
|
№ ҚР-ММБ-5№022065 |
01.03.2021 |
«Теалоз – Дуо» көзді қорғайтын, ылғалдандыратын және майлайтын ерітіндісі 5 мл, 10 мл |
LABORATOIRES THEA, Франция |