Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды: Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 10 мг және Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 15 мг дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 22 тамыздағы №344-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
- «ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия өндірушісі, «Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 10 мг» ҚР-ДЗ-5№023066;
- ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия өндірушісі, «Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 15 мг» ҚР-ДЗ-5№023067.