«Өсу гормонын енгізуге арналған ХуматроПен инъекторы, 6 мг, № 1» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 21 тамыздағы № 341-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды: Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі  –  Комитет) «Өсу гормонын енгізуге арналған ХуматроПен инъекторы, 6 мг, № 1» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 21 тамыздағы № 341-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.

  1. Мына медициналық бұйымның тіркеу куәлігі кері қайтарылсын және айналыстан алынсын:

           - Eli Lilly and Company (Pharmaceutical Delivery Systems), АҚШ өндірушісі, Өсу гормонын енгізуге арналған ХуматроПен инъекторы, 6 мг, № 1, ҚР-МБ (ММБ)-0№024750.

 

Дата публикации
22 августа 2024