«Жанаспалы линзаларға арналған майлағыш және ылғалдағыш тамшылар «Bausch & Lomb ReNu MultipPlus» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 шілдедегі №299-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі-Комитет) орындау үшін «Жанаспалы линзаларға арналған майлағыш және ылғалдағыш тамшылар «Bausch & Lomb ReNu MultipPlus» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 шілдедегі №299-НҚ бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.

  1. Мына медициналық бұйымның тіркеу куәлігі кері қайтарылсын және айналыстан алынсын:

Жанаспалы линзаларға арналған майлағыш және ылғалдағыш тамшылар «Bausch & Lomb ReNu MultipPlus», Bausch & Lomb Incomporated , АҚШ өндірушісі, , ҚР-ММБ-5№021634.

Дата публикации
05 августа 2024