«Бикалутамид Гриндекс үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 17 мамырдағы №159-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі-Комитет) орындау үшін «Бикалутамид Гриндекс үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 17 мамырдағы №159-НҚ бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.

Мына дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын және айналыстан алынсын:

- Kocak Farma llac VE Kimya Sanayi AS , Түркия өндірушісі, Бикалутамид Гриндекс үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг, ҚР-ДЗ-5№014815

Дата публикации
21 мая 2024