Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі-Комитет) орындау үшін «Соледум, ішекте еритін жұмсақ капсулалар, 100 мг дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының 2024 жылғы 17 сәуірдегі №120-НҚ бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.
- Klosterfrau Berlin GmbH, Германия өндірушісі, «Соледум, ішекте еритін жұмсақ капсулалар, 100 мг» ҚР-ДЗ-5№121872.