Комитеттің Төрағасының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 109-НҚ «Дәрілік заттың сериясының (партиясының) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы» бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі-Комитет) орындау үшін Комитеттің Төрағасының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 109-НҚ «Дәрілік заттың сериясының (партиясының) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы» бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.

№ ҚР-ДЗ-5№020715 «Атрикс, Бұлшықет ішіне инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ еріткішімен (лидокаин гидрохлориді, инъекцияға арналған 1% ерітінді) жиынтықта, 1 г препараттан құтыда. Еріткіш 3,5 мл-ден ампулада. Препарат бар 1 құты, 1 ампула  еріткішпен картон қорапшада» Митим С.р.л., Италия, сериясы 2340762KZA, 04.2026 ж. дейін жарамды, 8400 қапт. дәрілік заттың сериясының (партиясының) медициналық қолданылуы тоқтатылсын және қолданыстан алып тасталсын.

Дата публикации
17 апреля 2024