Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі-Комитет) орындау үшін Комитеттің Төрағасының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 115-НҚ «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының «Дәрілік заттардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы» 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 91-НҚ бұйрығының күшін жою туралы және дәрілік заттардың серияларының (партияларың) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы» бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының «Дәрілік заттардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы» 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 91-НҚ бұйрығының күші жойылсын.