Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі-Комитет) орындау үшін Комитет төрағасының 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 104-НҚ «Гинипрал®, көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді, 10 мкг/2 мл дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.
- Такеда Австрия ГмбХ, Австрия өндірушісі, «Гинипрал®, көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді, 10 мкг/2 мл» ҚР-ДЗ-5№010496;