Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
DariKZ мобильді қосымшасы Қазақстан Республикасының азаматтарына дәрілік заттарға жағымсыз әсерлері туралы өз бетінше хабарлауға, бұл ақпаратты онлайн режимде жеделдікпен қабылдауға және ақпараттың бастапқы дереккөзі ретінде тұрғылықты халықпен өзара байланысуға мүмкіндік береді.
Қосымшаның жаңа қызметі дәрілік заттардың қауіпсіздігін бақылау жүйесінің тиімді құралы ретінде қызметін атқарады, сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы келетін пікірлер мен шағымдардың санын азайтады.
Осыған байланысты, халық арасында DariKZ мобильді қосымшасының мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде республиканың медициналық ұйымдардың (ауруханалар, емханалар, дәріханалар) стендтеріне, интернет-ресурстарға және әлеуметтік желілердегі парақшаларға мобильді қосымшаны жүктеуге арналған QR-код орналасқан плакаттарды орналастыруды, сондай-ақ әзірленген бейнероликтерді медициналық ұйымдардың ғимараттарындағы мониторларда және әлеуметтік желілердегі парақшаларда ротацияға орналастыруды тапсырады.
Плакаттар мен бейнероликтерді сілтемеден жүктеуге болады: https://disk.yandex.ru/d/nFJF3VjaJEiaaw