«Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 42-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі  –  Комитет) «Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 42-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тіркеу куәліктері кері қайтарылып алынсын және кейбір дәрілік заттар айналыстан алынып тасталсын.

Кері қайтарып алуға және айналыстан алуға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктері

 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, мемлекет

№ ҚР-ДЗ-5№017612

06.04.2016

Визарсин®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг

КРКА, д.д. Ново место, Словения

№ ҚР-ДЗ-5№017613

06.04.2016

Визарсин®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг

КРКА, д.д. Ново место, Словения

№ ҚР-ДЗ-5№017614

07.04.2016

Визарсин®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

КРКА, д.д. Ново место, Словения

№ҚР-ДЗ-5№019063

23.10.2017

Вальсакор®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 320 мг

КРКА, д.д. Ново место, Словения

 

 

Дата публикации
07 февраля 2024