Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) Комитеттің Төрағасының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 471-НҚ «Кейбір дәрілік зат және медициналық бұйымның серияларын (партияларын) қолданылуын тоқтата тұру туралы» бұйрығын ақпарат ретінде жібереді.
«Инфузиялық ерітінділерді құюға арналған, бір рет қолданылатын, стерильді «Нәрия» жүйесі, өлшемі: 21Gх1 ½» (0.8х38мм) инесімен», «Super-pharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан, № ҚР-ММБ-5№020791, сериясы 009.1021, 10.2024 ж. дейін жарымды, 630000 қапт. медициналық бұйымның;
«Натрия хлорид, 0,9 %, 200мл», «Kelun-Kazpharm (Келун-Казфарм)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан, № ҚР-ДЗ-3№020643, сериясы № А23092203, 18.09.2026 ж. дейін жарымды дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолданылуын тоқтата тұрылсын.