Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 15 мг, 30 мг және 45 мг дәрілік заттарының тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының 2024 жылғы 12 қаңтардағы №16-НҚ бұйрығы.
Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ, Германия өндірушісі, «Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 15 мг» ҚР-ДЗ-5№025660;
- Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ, Германия өндірушісі, «Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 30 мг» ҚР-ДЗ-5№025659;
- Пфайзер Мануфактуринг Дойчланд ГмбХ, Германия өндірушісі, «Визимпро®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 45 мг» ҚР-ДЗ-5№025658.