2024 жылғы 3 қаңтардағы №1-НҚ тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және «Актрапид® НМ, инъекцияға арналған ерітінді, 100 ХБ/мл» , «Протафан® НМ, тері астына енгізуге арналған суспензия, 100 ХБ/мл», «Микстард® 30 НМ, тері астына енгізуге арналған суспензия, 100 ХБ/мл» дәрілік заттарды айналымнан алу туралы бұйрық

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Актрапид® НМ, инъекцияға арналған ерітінді, 100 ХБ/мл» , «Протафан® НМ, тері астына енгізуге арналған суспензия, 100 ХБ/мл», «Микстард® 30 НМ, тері астына енгізуге арналған суспензия, 100 ХБ/мл» дәрілік заттардың тіркеу куәлігін кері қайтарып және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 3 қаңтардағы №1-НҚ  бұйрығы.

 

«Ново Нордиск А/С» Дания өндірушісі, «Актрапид® НМ, инъекцияға арналған ерітінді, 100 ХБ/мл» № ҚР-ДЗ-5№003379; «Протафан® НМ, тері астына енгізуге арналған суспензия, 100 ХБ/мл», № ҚР-ДЗ-5№003883; «Микстард® 30 НМ, тері астына енгізуге арналған суспензия, 100 ХБ/мл» № ҚР-ДЗ-5№003859 дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылсын және айналыстан алынсын.

 

Дата публикации
05 января 2024