Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Треосульфан медак, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1г және 5г» дәрілік затының тіркеу куәлігін кері қайтарып және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 485-НҚ бұйрығы.
«Бакстер Онколоджи ГмбХ» Германия өндірушісі, «Треосульфан медак, инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1г және 5г» дәрілік затты тіркеу куәліктері РК-ЛС-5№121749, РК-ЛС-5№121750 кері қайтарылсын және айналыстан алынсын.