«Преднизолон, таблеткалар, 5 мг» дәрілік затының тіркеу куәлігін кері қайтарып және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 461-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Преднизолон, таблеткалар, 5 мг» дәрілік затының тіркеу куәлігін кері қайтарып және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 461-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.

«Adamed Pharma S.A.» Польша өндірушісі, «Преднизолон, таблеткалар, 5 мг» дәрілік затының тіркеу куәлігі ҚР-ДЗ-5№001162 кері қайтарылсын және айналыстан алынсын.

Дата публикации
07 декабря 2023