Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Бетоптик* С, көзге тамызатын дәрі, сүспензия» дәрілік затының тіркеу куәлігін кері қайтарып және айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 460-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
«с.а. Алкон-Куврер н.в.» Бельгия өндірушісі, «Бетоптик* С, көзге тамызатын дәрі, суспензия» дәрілік затының тіркеу куәлігі ҚР-ДЗ-5№012264 кері қайтарылсын және айналыстан алынсын.