Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Комитеттің Төрағасының міндетін атқарушының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 454-НҚ «Медициналық бұйымның сериясын (партиясын) тоқтата тұру және айналыстан алып қою туралы» бұйрығын орындау үшін жібереді.
ҚР-ММБ-5№015595 «Қан тоқтататын резеңке жгут, диаметрі 6мм, ұзындығы 1м.», «Венера» ЖШС, Қазақстан, сериясы 111022, 11.10.2027 ж. дейін жарамды, 100 000 дана медициналық бұйымның сериясын (партиясын) тоқтата тұрылсын және айналыстан алынып қойылсын.