Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті келесі мемлекеттік қызмет түрін жүзеге асырады:
- Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру.
- Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру.
- Денсаулық сақтау саласындағы менеджерге маман сертификатын беру.
- Медициналық қызметті лицензиялау (медициналық қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру; медициналық қызметке лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу; медициналық қызметке қағаз нысанда берілген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру).
- Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру.
- Фармацевтикалық қызметке лицензия беру;
- Облыста есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру;
- Республикада тіркелген және тіркелмеген әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру;
- Фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру;
-Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру.