Осы Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық
инспекциялар жүргізу және "Тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне
сертификаттар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан
Республикасының Кодексі 244-бабының 6-тармағына (бұдан әрі – Кодекс), "
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-
бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және тиісті
фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу
тәртібін және "Тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне сертификаттар беру"
мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.