Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Комитет төрағасының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 443-НҚ тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және «Розувастатин-К (розувастатин) пленкамен қапталған таблеткалар 5 мг,10 мг, 20 мг, 40 мг» медициналық бұйымды айналымнан алу туралы бұйрығын орындау үшін жібереді.
«Розувастатин-К (розувастатин) пленкамен қапталған таблеткалар 5 мг, 10 мг, 20 мг, 40 мг» тіркеу куәлігінің ұстаушысы «КРКА д.д Ново место», Словения, дәрілік препаратының тіркеу куәлігі ЛП-№000073-РГ-КZ кері қайтарып алынсын және Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінен шығарылсын.