Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Комитеттің Төрағасының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 435-НҚ «Медициналық бұйымдардың кейбір серияларын (партияларын) тоқтата тұру және айналыстан алып қою туралы» бұйрығын орындау үшін жібереді.
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір медициналық бұйымдардың серияларын (партияларын) тоқтата тұрылсын және айналыстан алынып қойылсын.