Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Медициналық бұйымның сериясы (партиясы) тоқтата тұру туралы» Комитет төрағасының 2023 жылғы 24 қазандағы № 412-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
Зертханалық сынақтардың нәтижелерін алғанға дейін ҚР-ММБ-5№020726 «Стерильді, бір рет қолданылатын SURUMESH полипропилен торы, өлшемдері (см): 15х15» СУРУ ИНТЕРНЭШНЛ ПВТ.ЛТД., ҮНДІСТАН, F22120-1 сериясы, 05.2027 ж. дейін жарамды, 100 дана медициналық бұйымның сериясын (партиясын) тоқтата тұрылсын.