Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Комитеті төрағасының «2023 жылғы 6 қазандағы «Дәрілік заттың сериясы (партиясы) тоқтата тұру және айналыстан алып қою туралы» № 379-НҚ бұйрығы.
ҚР-ДЗ-5№025480 «Диклофенак-DF. Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді 25 мг/мл. 3 мл препараттан ампулада. 5 ампуладан картон қорапшада» «DOSFARM» ЖШС, Қазақстан 221010 сериясы, 10.04.2025 ж. дейін жарамды, 16434 қапт. дәрілік заттың серияларын (партияларын) тоқтата тұрылсын және айналыстан алынып тасталсын.