Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Комитетінің Төрағасының 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 329-НҚ «Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналыстан алу туралы» бұйрығы.
«ПФК «Элеас» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірусінің
№ ҚР-ДЗ-5№024504 «Капецитабин, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг, құтыдағы 20, 60, 120 таблеткадан, картоннан жасалған қорапта 1 құтыдан» және № ҚР-ДЗ-5№024549 «Даксиласт, таблеткалар, 0,5 мг, құтыдағы 30 таблеткадан, картоннан жасалған қораптағы 1 құтыдан» дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және өтініштен кейбір дәрілік заттарды алып қойылсын.