Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Комитетінің Төрағасының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 328-НҚ «Содиофолин, инфузияға арналған ерітінді (50 мг/мл, 2 мл)» дәрілік затының № D210211A, D210211B, D210211C, D210211D, D210211G, G220393C, және G220393B серияларын тоқтата тұру және айналыстан алып қою туралы» бұйрығы. «Содиофолин, инфузияға арналған ерітінді (50 мг/мл, 2 мл)», өндірушісі «медак ГмбХ», дәрілік затының № D210211A, D210211B, D210211C, D210211D, D210211G, G220393C, және G220393B серияларын тоқтата тұрылсын және айналыстан алынып тасталсын.