Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Дәрілік заттың сериясын (партиясын) тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төраға орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2023 жылғы 3 ақпандағы № 10-Қ қаулысының күшін жою туралы» Комитеттің төраға орынбасарының міндетін атқарушының2023 жылғы 22 тамыздағы № 35-Қ қаулысы.
Осы қаулыға бойынша «Дәрілік заттың сериясын (партиясын) тоқтата тұру туралы»Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2023 жылғы 3 ақпандағы № 10-Қ қаулысының күші жойылсын (Азицин®, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар,500мг, сериясы (lot)12601552, ҚР-ДЗ-5№021346, өндірушісі Adamed Pharma S.A., Польша).