Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: Симтуза, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар № 30» дәрілік затының тіркеу куәлігін кері қайтарып және айналыстан алу туралы» Комитет төрағасының 2023 жылғы4 тамыздағы № 286-НҚ бұйрығы.
«Патеон Инк.», Канада өндірушісі,«Симтуза, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар № 30» дәрілік затыныңтіркеу куәлігі ҚР-ДЗ-5№024275кері қайтарылсын және айналыстан алынсын.