Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Қазақстан Республикасының тысаумағында өндірілген Комирнати/Омикрон BA.4-5 (COVID-19 қарсы мРНҚ негізіндегі вакцина (нуклеозидтермен модификацияланған)) дәрілікзатының уақытша мемлекеттіктіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 450-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Комитет төрағасының м.а.13.04.2023 жылғы № 148-НҚ бұйрығы негізінде, вакцинаның сақтау мерзімі 12 айдан 18 айға ұзартылды.
Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК31.07.2023 жылғы № 15-06-1525/2618 хатына сәйкес, Қазақстан нарығына серияларыGJ7179, GK8026, GJ8003, GJ2639, GJ2554, GJ7182, GJ2638 жеткізілген вакциналар «Комирнати/Омикрон BA.4-5 (COVID-19 қарсы мРНҚ негізіндегі вакцина (нуклеозидтермен модификацияланған))», инъекцияға арналған дисперсия, 15/15 мкг/доза,-90-дан -60°C-қа дейінгі температурада сақтаудың қажетті шарттары сақталған жағдайда,өндірілген күні бойынша вакцинаның жаңартылған жарамдылық мерзіміне түсетінін қосымша хабарлаймыз.
Сонымен қатар, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 233-бабының 7-тармағына сәйкес,тіркеу куәлігінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және өндірілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында шектеусіз қолданылады, айналыста болады және пайдаланылатынын хабарлаймыз.