«Цеф IV®, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 0,5 және 1,0 г» дәрілік препаратының тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінен шығару туралы» Комитет төрағасының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 278-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

         Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Цеф IV®, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 0,5 және 1,0 г» дәрілік препаратының тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінен шығару туралы» Комитет төрағасының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 278-НҚ бұйрығы. «Цеф IV®, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 0,5 және 1,0 г», өндірушісі «Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, дәрілік препаратының тіркеу куәлігі ЛП-№001993-РГ-KZ кері қайтарып алынсын және Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінен шығарылсын.

Дата публикации
31 июля 2023