«Амбро, шәрбат 15 мг/5 мл және 30 мг/5 мл» дәрілік препаратының тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінен шығару туралы» Комитет төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 24 шілдедегі № 272-НҚ бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

         Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Амбро, шәрбат 15 мг/5 мл және 30 мг/5 мл» дәрілік препаратының тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінен шығару туралы» Комитет төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 24 шілдедегі № 272-НҚ бұйрығы. «Амбро, шәрбат 15 мг/5 мл және 30 мг/5 мл», өндірушісі «Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, дәрілік препаратының тіркеу куәлігі ЛП-№000377-РГ-KZ кері қайтарып алынсын және Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінен шығарылсын.

Дата публикации
26 июля 2023