Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Амбро, инъекцияға арналған ерітінді, 15 мг/2 мл» дәрілік препаратының тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінен шығару туралы» Комитет төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 24 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығы. «Амбро, инъекцияға арналған ерітінді, 15 мг/2 мл», өндірушісі «Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, дәрілік препаратының тіркеу куәлігі ЛП-№000375-РГ-KZ кері қайтарып алынсын және Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінен шығарылсын.