«Бромгексин 4 Берлин-Хеми, ішуге арналған ерітінді, 4 мг/5 мл» дәрілік затының № 04029В, 04031А, 11004С серияларың айналыстан алып қою туралы» Комитет төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 19 шілдедегі № 265-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Бромгексин 4 Берлин-Хеми, ішуге арналған ерітінді, 4 мг/5 мл» дәрілік затының № 04029В, 04031А, 11004С серияларың айналыстан алып қою туралы» Комитет төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 19 шілдедегі № 265-НҚ бұйрығы. «Берлин - Хеми АГ (Менарини Групп)», Германия өндірушісі, «Бромгексин 4 Берлин-Хеми, ішуге арналған ерітінді, 4 мг/5 мл», дәрілік затының тіркеу куәлігінің нөмірі № ҚР-ДЗ-5№004343, сериялары № 04029В, 04031А, 11004С айналыстан алып қойылсын.

Дата публикации
24 июля 2023