«Медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төраға орынбасарының м.а. – 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 19-Қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы 2023 жылғы 13 маусымдағы № 28-Қ қаулысы.

    

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төраға орынбасарының м.а. – 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 19-Қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы 2023 жылғы 13 маусымдағы № 28-Қ қаулысы.

Тіркеу куәлігін ұстаушыға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру үшінтіркеу куәлігіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік беру бөлігінде№ҚР-МТ-0№022712өндірушісі Эрба Лахема с.р.о. (Erba Lachema s.r.o.), Чех Республикасы «Гематологиялық анализаторлар ERBA Н 360, H 560, Elite 580 керек-жарақтармен жиынтықта» (бұдан әрі – тіркеу куәлігі) медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта басталсын.

Тіркеу куәлігін ұстаушы 2023 жылғы 11 желтоқсанға дейін медициналық бұйымның тіркеу куәлігін және оның жинақтауыштарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірсін.

Ұстаушы 2023 жылғы 11 желтоқсанға дейін тіркеу куәлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізбеген жағдайда, тіркеу куәлігі 2023 жылғы 12 желтоқсаннан бастап жарамсыз деп есептелсін.

«Гематологиялық анализаторлар ERBA Н 360, H 560, Elite 580 керек-жарақтармен жиынтықта» медициналық бұйымын және оның компоненттерін медициналық қолдануға, көтерме және бөлшек саудада сатуға тыйым салынсын.

 

Дата публикации
14 июня 2023