Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Дәрілік затттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2023 жылғы 5 мауысымдағы № 27-Қ қаулысы.
№ 220000041000075 қылмыстық іс бойынша сот шешімі шығарылғанға немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешім қабылданғанға дейін «ПФК «Элеас»Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірусінің№ ҚР-ДЗ-5№024504 «Капецитабин, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг, құтыдағы 20, 60, 120 таблеткадан,картоннан жасалған қорапта 1 құтыдан» және №ҚР-ДЗ-5№024549 «Даксиласт, таблеткалар, 0,5 мг, құтыдағы 30 таблеткадан, картоннан жасалған қораптағы 1 құтыдан»дәрілік заттардың (бұдан әрі – дәрілік заттар) тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.