Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Симулект®, 20 мг» № ҚР-ДЗ-5№014725 дәрілік затының SHTC6 және SHXH8 серияларын айналыстан алып қою туралы» Комитет төрағасының міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 маусымдағы № 204-НҚ бұйрығы.
«Симулект®, 20 мг» № ҚР-ДЗ-5№014725, өндірушісі «Новартис Фарма Штейн АГ, Швейцария, дәрілік затының сериялары № SHTC6 және SHXH8 айналыстан алып қойылсын.