Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төраға орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 12-Қ қаулының күшін жою туралы» Комитеттің төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 23 мамырдағы № 24-Қ қаулы. «Дәрілік заттың тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төраға орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 12-Қ қаулының күші жойылсын.