Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Парсабив, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 5 мг және 10 мг» дәрілік заттарының тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы» Комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2023 жылғы 03 наурыздағы №90-НҚ бұйрығы. «Парсабив, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 5 мг», өндірушісі «Амджен Мэньюфэкчуринг Лимитед» Пуэрто-Рико (Америка Құрама Штаты), тіркеу куәлігінің нөмірі ҚР-ДЗ-5№0223621 және «Парсабив, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 10 мг», өндірушісі «Амджен Мэньюфэкчуринг Лимитед» Пуэрто-Рико (Америка Құрама Штаты), тіркеу куәлігінің нөмірі ҚР-ДЗ-5№023618 дәрілік заттарының тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.