Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Энерион, қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг» дәрілік препаратының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2023 жылғы 03 наурыздағы №91-НҚ бұйрығы. «Энерион, қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг», өндірушісі «Ле Лаборатуар Сервье Индастри», Франция, тіркеу куәлігінің нөмірі ҚР-ДЗ-5№021175 дәрілік препаратының тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.