Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы» Комитет төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы1ақпандағы № 49-НҚ бұйрығы. Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардыңтіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардыңтіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме:«ГСК Қазақстан» ЖШС-ның2023 жылғы 19 қаңтардағы № 35хаты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрілігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті м. а. төрағасының
2023 жылғы ___ ақпандағы
№ ____ бұйрығына қосымша
Дәрілік заттардың тоқтатылуға тиісті тіркеу куәліктерінің тізбесі
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
ҚР-БП-5№016356 |
07.04.2021 |
Синфлорикс (10-валентті полисахаридті және типке бөлінбейтін Haemophilus influenzae D-протеинімен конъюгацияланған, сіңірілген пневмококктік вакцина) |
ГлаксоСмитКляйн Байолоджикалз С.А., Бельгия |
|
ҚР-БП-5№024531 |
16.04.2020 |
Инфанрикс ИПВ (күл, сіреспе, көкжөтел (жасушасыз) және полиомиелит (белсенділігі жойылған) (сіңірілген) профилактикасына арналған вакцина) |
ГлаксоСмитКляйн Байолоджикалз С.А., Бельгия |
|
ҚР-БП-5№004775 |
27.06.2017 |
Приорикс, қызылшаға, эпидемиялық паротитке және қызамыққа қарсы аттенуирленген тірі вакцина |
ГлаксоСмитКляйн Байолоджикалз С.А., Бельгия |
|
ҚР-БП-5№009832 |
13.07.2016 |
Инфанрикс®, сіңірілген жасушасыз, сұйық көкжөтел-күл-сіреспе вакцинасы (АбКДС) |
ГлаксоСмитКляйн Байолоджикалз С.А., Бельгия |