Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Медициналық бұйымның сериясын (партиясын) тоқтата тұру туралы» Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының 2023 жылғы 30қантардағы № 9-Қ қаулысы. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес медициналық бұйымның сериясы (партиясы) тоқтата тұрылсын.
Медициналық бұйымның
сериясын (партиясын)
тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының
3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 25 желтоқсанда № 21906 болып тіркелді)
(бұдан әрі – Ереже), БҰЙЫРАМЫН:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, өзге де мемлекеттік органдарды (құзыреттері бойынша), дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге хабарлау (жазбаша еркін нысанда);
2) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ 4-тармақ бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.
5.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2023 жылғы 30 қантар
№26-14-117/Ихаты.
ҚазақстанРеспубликасының
МемлекеттікБасфармацевтикалық
инспектордың2023жылғы _
___ қантарды № _____
қаулысына қосымша
Медициналық бұйымның сериясын (партисын)
тоқтата тұруға жататын тізбесі
|
№ п/п |
Тіркеукуәлігініңнөмірі |
Медициналықбұйымныңатауы |
Өндіруші, ел |
Серия (партия)нөмірі |
|
1. |
ҚР-ММБ-5№021868 |
Эндоскопиялық және ашық операцияларға арналған хирургиялық құралдар. Бірреттіксызықтытігетін степлер: тігістіңұзындығы 55 мм |
НингбоВерикайндМедикал Девайс Ко., Лтд (Ningbo Verykind Medical Device Co., Ltd), Қытай |
серия (lot)KF2CCD14B, 2025 жылдың 9қантарына дейін жарамды, 10 дана |