«Шеткері венаішілік жеткізуге арналған Vasofix® Safety (Вазофикс Сэйфти) канюля/катетері және Шеткері вена ішіне енгізуге арналған Vasofix® Certo (Вазофикс Церто) канюля/катетері» медициналық бұйымдардың серияларын айналыстан алып қою туралы» Комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №34-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Шеткері венаішілік  жеткізуге арналған Vasofix® Safety (Вазофикс Сэйфти) канюля/катетері және Шеткері вена ішіне енгізуге арналған Vasofix® Certo (Вазофикс Церто) канюля/катетері» медициналық бұйымдардың серияларын айналыстан алып қою туралы» Комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2023 жылғы 20 қаңтардағы №34-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.

 

 

«Шеткері венаішілік  жеткізуге арналған Vasofix® Safety (Вазофикс Сэйфти) канюля/катетері және Шеткері вена ішіне енгізуге арналған Vasofix® Certo (Вазофикс Церто) канюля/катетері» медициналық бұйымдардың серияларын айналыстан алып қою туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндет атқарушысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес өндірушісі «Б. Браун Мелсунген АГ», Германия, тіркеу куәлігі № ҚР-ММБ-5№002660 «Шеткері венаішілік жеткізуге арналған Vasofix® Safety (Вазофикс Сэйфти) канюля/катетері» және өндірушісі «Б. Браун Мельзунген АГ», Германия, тіркеу куәлігі № ҚР-ММБ-5№002509 «Шеткері вена ішіне енгізуге арналған Vasofix® Certo (Вазофикс Церто) канюля/катетері» медициналық бұйымдардың серияларын айналыстан алып қойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалыу бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жібереді.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын Комитеттің төраға орынбасары Л.Р.Қашқымбаеваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «Б.Браун Медикал Қазақстан» ЖШС-ның 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 59 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрілігінің

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті төрағаның м.а.

2023 жылғы __ қаңтардағы

№__ бұйрығына қосымша

 

 

Медициналық бұйымдардың алынуға жататын серияларының тізбесі 

 

№

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Атауы

Номер

серия

1

 

 

ҚР-ММБ-5№002660

VASOFIX SFTY PUR 24G,0.75IN,0.7X19MM-CIS

4269071S-20

20B20G8381

2

ҚР-ММБ-5№002660

VASOFIX SFTY PUR 24G,0.75IN,0.7X19MM-CIS

4269071S-20

20D05G8330

3

ҚР-ММБ-5№002660

VASOFIX SFTY PUR 24G,0.75 IN,0.7X19MM-EU

4269071S-01

20D05G8330

4

ҚР-ММБ-5№002509

VASOFIX CERTO G24X19MM YELLOW

4269071

19M14G8382

5

ҚР-ММБ-5№002509

VASOFIX CERTO G24X19MM YELLOW

4269071

19M20G8345

6

ҚР-ММБ-5№002509

VASOFIX CERTO G24X19MM YELLOW

4269071

20A17G8381

7

ҚР-ММБ-5№002509

VASOFIX CERTO G24X19MM YELLOW

4269071

20B01G8330

8

ҚР-ММБ-5№002509

VASOFIX CERTO G24X19MM YELLOW

4269071

20B01G8332

9

ҚР-ММБ-5№002509

VASOFIX CERTO G24X19MM YELLOW

4269071

20B04G8330

10

ҚР-ММБ-5№002509

VASOFIX CERTO G24X19MM YELLOW

4269071

20B09G8381

11

ҚР-ММБ-5№002509

VASOFIX CERTO G24X19MM YELLOW

4269071

20D24G8330

12

ҚР-ММБ-5№002509

VASOFIX CERTO G24X19MM YELLOW

4269071

20F13G8381

 



Бұйрық
Дата публикации
26 января 2023