Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Роаккутан, капсулалар, 20 мг» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Комитет төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
«Роаккутан, капсулалар, 20 мг» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Рош Қазақстан» ЖШС-ның 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №ЗТ-2022-02925465 хаты.