Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына: «Гидроксикарбамид медак, капсулалар, 500 мг» дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» Комитет төрағасының міндетін атқарушы 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 22-НҚ бұйрығы.«Гидроксикарбамид медак, капсулалар, 500 мг»,өндірушісі«Хаупт Фарма Амарег ГмбХ»,Германия, тіркеу куәлігінің нөміріҚР-ДЗ-5№014327 дәрілік затыныңтіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
«Гидроксикарбамид медак, капсулалар, 500 мг»дәрілік затыныңтіркеукуәлігініңқолданылуын тоқтатутуралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.«Гидроксикарбамид медак, капсулалар, 500 мг»,өндірушісі«Хаупт Фарма Амарег ГмбХ»,Германия, тіркеу куәлігінің нөміріҚР-ДЗ-5№014327 дәрілік затыныңтіркеукуәлігінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары
Л. Р. Қашқымбаеваға жүктелсін.
Негіздеме: «медак фарма»ЖШС-ның 2023 жылғы 10қаңтардағы № 016 хаты.