Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:
Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы» Комитет төрағасының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 426-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.
Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтатылсын және кері қайтарылсын.
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;
3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Негіздеме: «Верваг Фарма ГмбХ және Ко. КГ» Компаниясының 2022 жылғы 31 қазандағы № 128 және 2022 жылғы 1 қарашадағы № 129 хаттары.
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрілігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті төрағасының
2022 жылғы ___ қарашадағы
№ ____ бұйрығына қосымша
Дәрілік заттардың тоқтатылуға тиісті тіркеу куәліктерінің тізбесі
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
ҚР-ДЗ-5№010668 |
25.12.2017 |
Метфогамма® 1000 |
Драгенофарм Апотекер Пюшль ГмбХ, Германия |
|
ҚР-ДЗ-5№024773 |
07.10.2020 |
Капсамол® Долор |
Ц.П.M. Контракт Фарма ГмбХ, Германия |
|
ҚР-ДЗ-5№020312 |
11.06.2019 |
Ферро-Фольгамма® |
Каталент Германия Эбербах ГмбХ, Германия |
|
ҚР-ДЗ-5№010666 |
27.09.2017 |
Метфогамма® 500 |
Драгенофарм Апотекер Пюшль ГмбХ, Германия |