«Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» Комитет төрағасының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 424-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті хабарлайды:

Дистрибьютерлердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілердің және медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілердің назарына «Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» Комитет төрағасының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 424-НҚ бұйрығын орындау үшін жібереді.

 

 

Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, дәрілік заттардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
  3. Комитетінің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) (жазбаша еркін нысанда) хабарлауды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды;

         3) Комитетіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында, сонымен қатар 4 тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қолданылуы, өткізілуі немесе өндірілуі тоқтатылған, тыйым салынған немесе шектелген немесе айналыстан алып қоюға тиіс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъект оларды қайтару қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде расталған құжаттарды бере отырып, өндірушіге, дистрибьюторға қайтару туралы тиісті ақпаратты аумақтық бөлімшеге жіберсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төраға орынбасары
    Л. Р. Кашкымбаеваға жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

         Негіздеме: «НИКО» ЖШҚ-ның 2022 жылғы 26 қазандағы № 26/8 хаты.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрілігі

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитеті төрағасының

2022 жылғы ___ қарашадағы

№ ____ бұйрығына қосымша

 

 

Тоқтата тұруға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізімі

 

 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Тіркелген күні

Дәрілік заттың атауы

Тіркеу куәлігін ұстаушысы, мемлекет

ҚР-ДЗ-5№ 021434

05.03.2020

Лазолекс

«НИКО» ЖШҚ, Украина

ҚР-ДЗ-5№ 022582

19.07.2021

Бупивакаин спинал

«НИКО» ЖШҚ, Украина

ҚР-ДЗ-5№ 022584

11.08.2021

Бупивакаин

«НИКО» ЖШҚ, Украина

 

Бұйрық
Дата публикации
18 ноября 2022