2022 жылы 9 қарашада Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нормативтік – құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру мақсатында, фармацевтикалық қызмет субъектілерінің өкілдерімен семинар өткізілді.

2022 жылы 9 қарашада Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша нормативтік – құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру мақсатында, фармацевтикалық қызмет субъектілерінің өкілдерімен семинар өткізілді. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы  16 мамырдағы Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы № ҚР ДСМ-45 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығының талаптары,яғни фармацевтикалық қызмет субъектілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы өзгерістер мен дәріхана ашу кезінде жиі кездесетін мәселелер түсіндірілді.

Қатысушылар белсенділік танытты,мамандар сұрақтарға жауап берді,пікір алмасулар болды. Түсіндіру жұмыстары фармацевтикалық қызмет субъектілерімен үнемі жүргізіліп тұрады.

Жиналыс
Дата публикации
11 ноября 2022